Ә.Қастеев атындағы өнер және дизайн мектебінің 2023 жылғы түлегі Анушах Запиева

Ә.Қастеев атындағы өнер және дизайн мектебінің 2023 жылғы түлегі Анушах Запиева бүгінде Италиядағы Accademia Albertina di Belle Arti академиясында білім алып жатыр.
 
Қазіргі таңда ол заманауи өнер бағытында өз жолын қалыптастырып, шығармашылық жобаларын халықаралық ортада дамытуда. Жуырда Анушах өзінің алғашқы «La Yurta» атты инсталляциясын таныстырды.
 
Бұл жоба — дәстүрлі мәдени образдарды заманауи көркем тіл арқылы қайта пайымдаудың бір көрінісі. Сонымен қатар, бұл — мектебіміз түлектерінің шығармашылық жолы Қазақстаннан тыс жерде де жалғасып, жаңа деңгейге көтеріліп жатқанының дәлелі.
 
Біз Анушахтың жетістіктерін мақтан тұтамыз және шығармашылық сапарына сәттілік тілейміз!